Get Adobe Flash player

  1. 0
  2. 1
  3. 2
  4. 3
  5. 4
« »

Выбор языка

Счетчик посещений


Сегодня 9
Вчера30
На этой недели 39
На прошлой недели 307
Этот месяц 757
Прошлый месяц 1483
За все время 56684
Ваш IP: 100.26.176.182
Сегодня: 2019-12-16
Пользователей на сайте: 0
Гостей на сайте: 10

ПАЦИЕНТКЕ КӨМЕК

Ереже

Жамбыл ауданының аудандық орталық емханасы қызметкерлерінің кәсіби тәртібі мен қарым-қатынасы, этикалық нормаларды сақтау жөніндегі Әдеп кодексі туралы ереже

І. Жалпы ережелер

Әдеп комиссиясы өз қызметінде қызметкерлердің Әдеп кодексі ережесін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

Этикалық комиссия Жамбыл аудандық орталық емхана қызметкерлерінің әдеп нормаларын,  кәсіби тәртібі мен қарым-қатынас ережелерін сақтауға қатысты мәселелерді қарастырады.

ІІ. Этикалық комиссияның міндеттері

Әдеп кодексінің мақсатына қол жеткізуіне ықпал ету – Жамбыл аудандық орталық емхана қызметкерлеріне өз кәсіби міндеттерін абыроймен орындаулары үшін кәсіби тәртіптері мен қарым-қатынас ережелерін, этикалық нормаларды орнату.

Этикалық жанжалдарды шешу, Жамбыл аудандық орталық емхана ұжымында қолайлы моральді-психологиялық ахуал орнату мақсатында құпия кеңестер беру арқылы көмек көрсету.

Этикалық комиссия Жамбыл аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуларына қатысты істерді қарамайды.

ІІІ. Этикалық комиссияның өкілеттіктері

Пациенттер мен Жамбыл аудандық орталық емхана қызметкерлерінің Этикалық комиссияға келіп түскен хаттары мен шағымдарын қарау;

Жамбыл аудандық орталық емхана қызметкерлерінің Этикалық кодекс талаптары мен этикалық нормаларды бұзу істерімен байланысты мәселелерді қарастыру

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында мінез құлықтарын айқындайтын Ережеci

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің «Ар намыс кодексі» медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моралдық жауапкершілігін айқындайды.

        Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:

    -         Ар намыс кодексін басшылыққа алуға;

    -         Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;

    -         Тек қана пациенттің мүддесіне шешім қабылдауға;

    -         Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

    -         Өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;

    -         Өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;

   -         Өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;

    -         Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

    -         Қызметтік ақпаратты пайда күнемдікке және жеке басының өзге де мақсаттарына пайдалануға жол бермеуге;

    -         Жеке басының үлгісімен ұжымдық тұрақты және жағымды моральдық психологиялық жағдай жасауға жол бермеуге;

   -         Басқада медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

    -         Өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс;

 Басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1.     Жасына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтылығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар намысы мен қадыр қасиетін құрметтеуге;

2.     Мұқтаж болған әр адамға медициналық көмек көрсетуге.

Мы в соцсетях