Комплаенс офицер

КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ ПАРАҚШАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»

«Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны»

 Комплаенс-офицері парақшасына қош келдіңіздер!

 

Комплаенс-офицер аурухана қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ емхана ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету және  емхананың ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады, сол арқылы барлық пациенттер, қызметкерлер арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етіледі.

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы), Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережесі (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қолданыстағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және аурухананың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Егер сіз аудандық ауруханаға және оның құрылымдық бөлімшелер қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, Сіз бұл туралы Комплаенс-офицерге келесі байланыс көздері арқылы хабарлай аласыз:

– +7 (72633) 4-19-12 мобильдік нөміріне;

–  Cаll центр 8(72633)4-19-20 4-19-04 арқылы осы нөмірге;

–   электрондық поштаға:  zhambul_8686@mail.ru
Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша әр жұма күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қызметтік қабинет- 69

Құпиялылық пен жасырындыққа толық кепілдік беріледі.

Жоспар

жоспар 2023 сайт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы Ережесі

комплаенс- қызметтер туралы ереже

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты

қарсы саясаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты

сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін ұйымдастыру жөніндегі ЕРЕЖЕ

комплаенс қызметін ұйымдастыру жөніндегі ереже

Кодекс деловой этики

кодекс деловой этики 2023

Мүдделерінің қайшылықтарын болдырмау және реттеу туралы стандарты

мүдделерінің қайшылықтарын болдырмау және реттеу туралы стандарты
Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру