🔰ЕМДЕУ АЛДЫ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

♦Жамбыл аудандық орталық ауруханасында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен медбикелердің қатысуымен «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» бағдарламасы бойынша семинар өтті.

♦Шараның мақсаты — балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (БШАЫЕ) – балалар жасындағы аурулардың негізгі себептерінен болатын аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендету.

♦Семинар барысында теориялық білімдер тәжірибе жүзінде муляждарға көрсету арқылы
орындалды.

♦БШАЫЕ – бала денсаулығын сақтауға және тұтастай жалпы қанағаттанарлық жағдайға жеткізуге бағытталған бірлестірілген әдістеме. БШАЫЕ бағдарламасының мақсаты 5 жасқа дейінгі балалардағы өлім-жітімді, аурушаңдық пен мүгедектікті төмендету, сондай-ақ физикалық және психикалық дамуды жақсарту болып табылады. Сондай-ақ, жанұя, қоғам және медицина ұйымдарында енгізілетін емдеу және алдын-алу шараларынан құралған.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру