ЕСІРТКІ – ЕССІЗДІККЕ АПАРАДЫ

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті ақпараттық насихаттау мақсатында аудандық емхананың дәрігер-наркологы Әділбек Жадыраевтың қатысуымен кездесу өтті.

– Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек – деген Әділбек Темірханұлы өнерпаздарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға шақырды.

Ал есірткінің адамның ағзасына тигізер кері әсері жөнінде баяндама жасаған аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары Сағи Мұздыбаев нашақорлық – адамзаттың түбіне жететіндігін айттып, соңғы статистикалық көрсеткіштерге тоқталды.

Шара соңында қатысушылар нашақорлық пен есірткі саудасына байланысты өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру