🔰КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

♦Бүгін Жамбыл аудандық орталық емханасының мәжіліс залында 10 қазан- ҚР Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ қозғалысының дамуына ерекше атсалысып жүрген медицина саласының қызметкерлерін марапаттау жиыны өтті.

♦Шараны кәсіподақ ұйымының төрағасы Мусаев Тауиржан Дуйсенбекович ашып, мерекемен құттықтап, өңірлік кәсіподақтың биылғы жылғы атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне қысқаша шолу жасап, белсенді 58 кәсіподақ мүшесін бағалы сыйлықтармен марапаттады.

♦Салтанатты марапаттау шарасында кәсіподақ ардагерлері де елеусіз қалмады. Оларға кәсіподаққа сіңірген көп жылғы ерен еңбегі үшін алғысын білдіріп, «Кәсіподақ ұйымы» атынан сыйлықтар табысталды.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру