ҚР ДСМ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде ана мен бала денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауда. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ведомство басшысы Ажар Ғиният хабарлады.

​«Жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту 2%-ға ұлғайды және 82%-ды құрады, жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11%-ға өсіп, 40%-ға жетті, бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп тобы бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық УДЗ скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандартын бекітті, 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79%-ды құрады.
Сонымен қатар, тандемді масс-спектрометрия әдісімен зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, қауіп тобындағы барлық балалар зерттеліп-қаралды.

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін артты.

Сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында даму бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі балалар үшін 2 ерте араласу орталығы ашылды және 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланып отыр.

МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге, оның ішінде балалар үшін 27%-ға ұлғайды. 2022 жылы балаларды оңалтуға 15 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілді, 16 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру