🔰«СЕНІМ» ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

✅Егер сіздің жасыңыз 14 жас пен 29 жас аралығында болса,сіз «Сенім» жастар денсаулық орталығына келуіңіз қажет!

✅Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты басымдықтарының бірі – балалар мен жастар денсаулығын сақтау мен нығайту.

✅Аудан жастарының денсаулығын қарайтын орталықтың барлық қызметі 14-29 жас аралығындағы жастарға толықтай көмек қолын созуға дайын.«Сенім» жастар денсаулық орталығы мынадай қағидаларға сүйене отырып, жұмыс істейді:
— Еріктілік;
— Сенім;
— Тілектестік;
— Қолжетімділік.

✅Орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, ВИЧ инфекциясының, стресті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі және құқықтық кеңестер беріледі. Және бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі.Айта кететіні, қазіргі кезде жастар денсаулығы көкейкесті мәселе болып табылады. Себебі жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олардың денсаулығы — ұлт саулығының кепілі. Жасөспірімдер мен жастарға қамқорлық көрсететін осындай орталықтар олардың мәселелерін түсіну арқылы – қоғам үшін маңызды мәселелерді шешу, денсаулығын нығайтуға үлкен септігін тигізері анық.

✅«Сенім» жастар денсаулық орталығының мекенжайы:
Аса ауылы, Абай көшесі 94, орталық емхана, 3- қабат.

Біздің орталық сізді күтеді!💐

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру