Пациентке ақпарат
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық іс жүргізу құқығындағы комуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ішкі аудит жанындағы пациенттерді қолдау қызметі
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты:
- мәселелерді анықтау және медициналық қызмет көрсетудің сапасын әрі қарай жақсарту
Егерде сіз:
- көрсетілген медициналық қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса
- медициналық персонал тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз
- тегін медициналық көмектің кепілдік аясында көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша бопсалау фактілеріне тап болсаңыз
- сондай ақ медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тәртібіне толғандыратын басқа да мәселелерге байланысты.
Сіздің пациенттерді қолдау қызметіне (ішкі бақылау қызметі) жүгінуге құқығыңыз бар
Сіз жүгіне аласыз:
- Пациенттерді қолдау қызметі (CALL центр) №71 кабинетте орналасқан байланыс телефондары 4-19-21, 4-19-04, 8-776-620-20-22
- Сенім телефоны 2-17-76 осы нөмір бойынша медициналық персоналдың қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері жөнінде хабарлай аласыз.
- Немесе міндетті түрде атыңыз, тегіңіз, байланыс мағлұматтарыңыз (телефон, мекен-жай) көрсетілген жазбаша тіркеу бөлімі жанында орналасқан. Шағымдар жәшігіне салып кетуіңізге болады. Өтініш шағымдар мен ұсыныстар беруге арналған бланкте рәсімдеуге болады. Бланктер медициналық тіркеушіде қабылдау бөлмесінде болады. Сондай-ақ, Сіз біздің сайтымызға жүгіне аласыз asa-crb.kz
Пациенттерді Қолдау Қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше тезірек қарайды және 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішті қарау нәтижелері бойынша ақпаратты Сізге ұсынады.
Пациенттерді қолдау қызметіне емделушілер өздері, сонымен қатар олардың туыстары жүгінуге құқылы.
Біздің ұйымының медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға себебі тиген Сіздердің өтініштеріңіз, ұсыныстарыңыз және кеңестеріңіз үшін біз Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз!
ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ !
Cаll центр: 4-19-04, 4-19-21
(ақпараттық орталық)

Сенім телефоны: 2-17-76