Қарой ауылдық округі А.Айтиев атындағы орта мектебіндегі профилактикалық іс-шаралар

Мектеп жасындағы балалардың профилактикалық тексеруден өтуі

Пригородное дәрігерлік амбулаториясы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жұмыстары жүргізілді.

Бала денсаулығына қауіп факторын ерте сатыда анықтау үшін, ауруды, асқынудың алдын алу мақсатында мектебімізде

( 2022 жылдың жоспары бойынша барлығы – 691. үш ай ішінде тексерістен өткен балалар саны – 437. Соматикалық ақау анықталғаны – 53) бейінді дәрігерлер қарауына жіберілді

Педиатр дәрігері, терапевт немесе ЖПД профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқтағаннан кейін денсаулықты кешенді бағалау жүргізіледі, денсаулық тобын көрсете отырып физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытындыны ресімдейді. Қорытындыда толық қарап-тексеру, бақылау, санитариялық-гигеналық ережелерді сақтау, режим, дене тәрбиесі және шынықтыру, профилактикалық екпелерді жүргізу, шекті жағдай мен аурулар профилактикасы, дене шынықтыру тобы (негізгі және арнайы топ) бойынша ұсынымдар беріледі.

САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ, ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ !

 

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру