ДӘРІГЕРЛЕР СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ СОЛДАТЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

?Бүгінгі ұрпақтың «Аһ» ұратыны бар. Ол – соғыстың соңғы куәгерлерінің жыл өткен сайын арамыздан азайып бара жатқаны. Ауданымыздағы соғыстың соңғы солдаты – Қасен Шанбаевтың жүріп еткен жолдары туралы айтар әңгіме аз емес. Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев Жеңіс сағатын соқтыруға үлкен үлес қосқан ардагер. Қысылтаяң шақты бастан өткерген жауынгердің аузынан «Құдай елімізді бейбітшіліктен айырмасын» деген тілегі түскен емес. Оқ пен оттан аман қалып, елге жеңіспен оралып, соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардагер ауданымыздан майданға аттанған 9341 жауынгермен бірге сұрапыл соғыс жылдары толарсақтан су кешіп, ұрыс даласында қаһармандықпен көзге түсті.

?Отан қорғаушылар күні қарсаңында аудандық орталық ауруханасы ішкі аудит және пациенттерді қолдау кызметінің басшысы Тәуіржан Мұсаев бастаған бір топ дәрігерлер партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының 100 жасқа аяқ басқан Қасен атаның үйіне барып, денсаулық жағдайын тексерді.
Аурухананың ЛОР дәрігері Дінахмет Өтемғалиев, кордиолог дәрігері Айнұр Алтынбекқызы, невропотолог дәрігері Сандуғаш Бейбітханова, тіс дәрігері Жанна Қуантаева, емхананың БМСК бөлімінің меңгерушісі Сандуғаш Беласарова, жергілікті дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігерінің міндетін атқарушы Назерке Рахымбердиева ардагердің сауылығын тексеріп, «Аурухана» бастауыш партия ұйымының сый-сияпатты табыс етті.

?Өз кезегінде ғасырдың куәгері арнайы келіп, құрмет көрсеткен ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру