Құрметті жерлестер, қадірлі әріптестер!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!

?Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.

?Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір көпұлттың өкілдерімен бірлік арқасында өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайық!

?Бірлік мерекесінде Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Құрметпен,
Алтай САУРУКОВ,
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок