САНДУҒАШ — ҮЗДІК ЖАС МАМАН

Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары анықталды✅
🔰Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы ұйымдастырған аймақтық «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау үшін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссияның шешімімен «Еңбек жолы» конкурсының үш номинациясы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды
1. «Өндірістің үздік жас маманы» болып Беласарова Сандуғаш Исмаиловна;
2. «Үздік еңбек әулеті» болып Рысқұловтар әулеті;
3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» болып Буркитбаев Нурлан Каримович.
Еңбек инспекциясы басқармасының ұжымы жеңімпаздарға жұмыстарыңыз табысты, еңбектеріңіз еселене берсін деген тілекпен шын жүректен құттықтайды!

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок