Қазақстанда емханаға тіркелу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 Бұйрығымен бекітілген Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес МСАК ұйымдарына азаматтарды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

Емхананың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қызмет көрсету аймағы МСАК қызметтерінің қолжетімдігін барынша қамтамасыз етуді ескере отырып, облытсардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдарымен белгіленеді.

Бекітілген халықты аумақтық қызмет көрсету аймағы шегінде учаскелер бойынша үлестіру емхананың басшысымен бекітіледі.

Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде бекіту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

Емхананың аумақтық қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын адамдарды тіркеген кезде үйде медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.

Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғна бекітіледі.

Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде азаматтарға медициналық көмек көрсету бойынша МСАК ұйымдарының міндеттемелерін тіркеу болып табылады және мынадай қағидаттарда жүзеге асырылады:

МСАК ұйымдарына азаматтарды бекітуді өзгерту:

Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітілген азаматтар Қормен алдағы жылға ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсетуге қызметті сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымнан медициналық көмекті ала бастайды. Ағымдағы жылы көрсетілген азаматтар бұрын бекітілген МСАК ұйымдарында медициналық көмекті алуды жалғастырады.

Жаңа емханаға бекіту тәртібі

Емханаға бекіту тікелей немесе жазбаша жүгіну бойынша, еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта, сондай-ақ «элетрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Веб-портал арқылы жүгінген кезде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші (емхана) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Азаматтың ЭЦҚ болған жағдайда, ол электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеле алады.

Медициналық ұйымға бекітілу талоны азаматтың МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекітілу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде, бекіту туралы хабарлама қызмет көрсетушінің (МСАК ұйымының) электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде беріледі.

Азаматтар тікелей жүгінген кезде оларды МСАК ұйымдарына бекіткен кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде еркін нысандағы өтінішінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

Егер пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) немесе ауырып қалса, онда ол тұрғылықты жері бойынша жақындағы медициналық ұйымға жедел медициналық көмекке жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру