«Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметі

Жамбыл аудандық орталық аурухананың пациенттері үшін «Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметі өзінің жұмысын 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сай жасауда.

Әрбір пациенттің сапалы медициналық көмек алуы заңды. Пациенттердің туындаған проблемаларын шешу, көрсетілетін медициналық мекемелірнде ішкі аудит қызметі құрылған. Сондай – ақ, 2015 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданы азаматтарының әртүрлі инстанцияларға медициналық көмек сапасына жүгінулерін есепке ала отырып, осы қызметтің жұмысына ерекше назар аударылып отыр.

Бұл қызметтің негізгі міндеті медициналық қызмет сапасы мен медициналық сұрақтар бойынша жүгінген азаматтардың сұрақтарын «қазір және осында» қағидасымен шешу, пациенттердегі медициналық көмекке қанағаттану деңгейін арттыру.

Әр тоқсан сайын стационар мен емханадағы пациенттерден медициналық көмекке қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамалар жүргізіледі. Емханада дәрігерге алдын ала жазылу жүргізіледі, мұның өзі тіркеу және қабылдау бөлімдерінде кезектің азаюына әкеледі. Жамбыл аудандық емханасында пациенттерге тиімді болатын «Е-kezek» цифрлы жүйесі орнатылған.

Егер пациенттер тарапынан шағымдар немесе өтініштер болатын болса, пациенттердің мәселелері шұғыл түрде шешілуі үшін, арнайы «КОЛЛ ОРТАЛЫҚ» және пациенттерге арналған «КЕҢЕС-ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ» ұйымдастырылған.

Пациенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін немесе түсініктемелерді алу үшін, медициналық сұрақтарды шешу үшін әкімшілік тараптан арнайы қабылдау графигі ұйымдастырылған. Аптаның дүйсенбі күні, сағ: 15:00ден 16:00-ге дейін ЖАОА бас дәрігері А. Сауруковтың қабылдауы болады, сейсенбі күні сағ: 15:00 ден 16:00-ге дейін бас дәрігердің орынбасары С. Султанова қабылдауы болады, сәрсенбі күні сағ: 15:00ден 16:00-ге дейін бас дәрігердің орынбасары Н. Мауленов қабылдауы болады, бейсенбі күні сағ: 15:00 ден 16:00-ге дейін «ПҚжІЭ» басшысы Т. Мусаев қабылдауы болады, жұма күні сағ: 15:00ден 16:00-ге дейін эксперт дәрігері Ж. Мырзай қабылдауына пациенттер келе алады.

Аудандық пациенттерге қолдау көрсету үшін колл орталық телефондары: 79900.

Пациенттердің аты, тегі, байланыс телефондары (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша өтініштерін емхана, аурухананың кіре берісінде орналасқан, өтініштер салу жәшігіне қалдыруына болады.

Сонымен қатар Жамбыл аудандық орталық ауруханасының «Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметі әлеуметтік желілерде тіркелген, яғни инстаграмм желісі бойынша «sppjambylasa1» аккаунтына сұрақтарын қалдыра алады.

Біз ұйымдағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасын жақсартуға себін тигізетін Сіздің өтінішіңіз, ұсынысыңыз, пікіріңізге алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен, Пациенттерді қолдау қызметі


Жамбыл аудандық орталық аурухананың пациенттері үшін «Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметі өзінің жұмысын 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сай жасауда.

Әрбір пациенттің сапалы медициналық көмек алуы заңды. Пациенттердің туындаған проблемаларын шешу, көрсетілетін медициналық мекемелірнде ішкі аудит қызметі құрылған. Сондай – ақ, 2015 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданы азаматтарының әртүрлі инстанцияларға медициналық көмек сапасына жүгінулерін есепке ала отырып, осы қызметтің жұмысына ерекше назар аударылып отыр.

Сонымен қатар Жамбыл аудандық орталық ауруханасының «Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметі әлеуметтік желілерде тіркелген, яғни инстаграмм желісі бойынша «sppjambylasa1» аккаунтына сұрақтарын қалдырып отырады.

«Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметінің инстаграмм желісіндегі «sppjambylasa1» аккаунтында 959 тұрығн тіркелген. Соңғы апта 03.05.-09.05.2021 жыл аралығында 18 пациент тіркелген. 267 публикация жарияланған.

Жамбыл ауданы тұрғындарынан түскен арыз-шағымдарға уақытылы, мотивирленген жауап беріледі.

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок