Әлемге тараған індетке қарсы вакцина салу жұмыстары аудан көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда. Тұрғындар да вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігіне көзі жеткен. Әсіресе, жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен бала күтіміндегі аналарға салынатын «Pfizer» екпесіне деген көзқарас дұрыс қалыптасып келеді. Себебі, алты құрлыққа тараған коронавирус инфекциясынан құттылудың жалғыз жолы — екпе қабылдау.