Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік.

Әрбір  Қазақстан  азаматы  өз  денсаулығына  өзі  жауапты  болғандықтан , әлемді  жаулаған  індетпен  күрес  тек  вакцинация арқылы  алпауыт  індетті  жеңе  алады . Вакцинация  жасату  әр адамның өз  таңдауында, – десек те медицина  қызметкерлерінің  ана  мен  баланың  денсаулығына  алаңдаушылығы  басым  болғандықтан , дені  сау ұрпақ  үшін  күресуде .

Короновирусқа  қарсы  екпе  алған  адамда  вакцина ауру  туындатпайды,  вакцина ағзада  имунитетті қалыптастыруға  және  қорғайтын  антиденелердің  пайда  болуына  ықпал етеді. Яғни  жай  сөзбен  айтсақ  вакцина  сіздің  ағзаңызды  вирусты  танып  білуге  дайын  болады, сондықтан  індетті  жұқтырған  жағдайда,  Сіздің  имундық жүйеңіз  короновируспен  күресуге  дайын  болады. Имунитет  вакцинамен  алғаш  кездесіп  танысқанда, ол екі  түрлі  имундық  клетканың  жұмысын  іске  қосады , оның бірі  антиденелерді  белсенді  түрде  шығара  бастайды , ал екіншісі қауіпті  іздеп  табады  және  патогенді жояды –атап  айтқанда  короновирусты , егер  ол екпе алған адамның  ағзасына  түскен  жағдайда. Вакцинаны  екі  рет алғанның  пайдасы , адамда иммундық  есте  сақтау  мен  қорғайтын  антиденелер  саны 6 дан 12 есеге және  одан  да  жоғары болады.

Қазақстан  республикасының әр азаматы тек  жеке өзінің ғана денсаулығын  ойлап  күтпей , жалпы ұлттың саулығын  көздеуі керек .                                     Қазақтың «ауырып ем іздегенше  ауырмайтын жол ізде» деген мақал бар  емес пе . Әлемде , короновируске  қарсы  вакцинация, эпидемия  мен пандемияны жеңетін ең тиімді алдын алу іс шараның бірі болып танылған. Сондықтан , короновирус  ауыруын түбегейлі  шешу үшін , ұжымдық  имунитет  әр  аумақта  жасау қажет .  Аурудың  алдын алу , яғни  профилактика, оның ішінде  вакцинация  жұмысы  көп  деген  жұқпалы  аурумен  күресудегі ең тиімді , тегін, әрі  кең қолданылатын шаралардың  бірі.

Пфайзер  вакцинасы Комирнати (СOVID-19 қарсы М-РНҚ негізіндегі  вакцина  – Бельгияда  өндірілген, инъекция  үшін дисперсияға  арналған концентрат  30 мкг/ доза (0,3мл)  құтыда 6 дозалық.

Жамбыл  ауданына  18.11.2021жылдан  қолданысқа  енгізілді  жоспар  бойынша-8957 доза, келгені-8880 доза, екпе егілгені бүгінгі  таңда 1 тур- 4994 доза , 2тур – 2644 доза  ревакцинация -174  қалғаны 1068.

Ауданымыздағы  емізулі  аналар  қазіргі  таңда    жоспарланғаны -1288, оның екпе  алғандары – 1 тур -745 әйел , 2 тур -392 әйел  салдырған . Емізулі  аналарымыздың  денсаулығына екпенің  қаншалықты  пайдасы  барын ,    жанұялық  отбасы  мейірбикелері  үйме үй  аралап  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізуде . Дені сау  ана,  дені  сау  ұрпақ  әкелудің   кепілі. Сондықтан  ауыл  тұрғындарын, оның  ішінде  жүкті  әйелдерді  , емізулі  аналарымызды , 60 жастан  асқан  қарттарымызды, жасөспірімдерді  Пфайзер  вакцинасын   алуға  шақырамыз. Вакцина  алу  үшін  ауданымыздағы  емханада  барлық  жағдай  жасалған. Екпе  егу  бөлмесі , қабылдау  бөлмесі  екпеден  кейінгі бөлме.

Сенбі  жексенбі  күндеріде    екпе  салдырамын  деген  тұрғындарға  есік  ашық!

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру