БҮГІН — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОЛ ГИГИЕНАСЫ КҮНІ

?Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5 мамырды Дүниежүзілік қол гигиенасы күні деп жариялады. Бұл күннің өзіндік мәні мен маңыздылығы бар. 5.05 — адамның әр қолындағы 5 саусақты білдіреді. Аталаған шара адамдарға денсаулықты сақтау үшін қолды жуу мен тазалық ұстанудың қажеттігін еске салуға арналған. Қол гигиенасы әсіресе коронавирустық пандемиямен күресу кезеңінде өте маңызды.

?Қолды қалай дұрыс жуу қажет?

✔Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.
?️Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз;
?️Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз;
?️Қадам 3: Қолдың барлық жағын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 40 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз;
?️Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз;
?️Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз.

✔Қолды қаншалықты ұзақ жуу қажет?

?️Қолды кемінде 40-60 секунд жуу қажет. Уақытты белгілеп қалудың қарапайым жолы — «Туған күніңмен» әнін екі рет толық орындап шығу.

?️Бұл өз кезегінде қолға арналған дезинфекциялау құралына да қатысты: құрамында кемінде 65% спирт (мүмкіндігінше, метил спиртсіз болғаны дұрыс) бар дезинфекциялау құралын қолданыңыз және оны қолдың бүкіл үстіне кемінде 20 секунд жағыңыз.

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок