БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛДЫ

Қазақта әдемі тәмсіл сөз бар. «Денсаулықтан басқасының барлығын ақшаға сатып алуға болады», – деген. Рас, адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде. Тіпті, басы ауыра қалса да, күнделікті атқарып жүрген жұмысы былай тұрсын, мазасы қашып, мәнісі болмайды. Сондықтан «Денсаулық – басты байлық» деп мемлекеттің өзі бұл салаға ерекше екпін беріп отыр.
Бейсенбі күні аудандық орталық емханасының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың қатысуымен аурухананың 6 айда атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны болып өтті. Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарыНұрмахан Мәуленов аурухананың құрамы мен жабдықтары, тұрғындар туралы мәліметтер, қаржыландыру бағыты, кадр құрамы, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шаралары, арыз-шағымдар жайы, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіру мәселесі, цифрландыру, медико-демографиялық станционарлық қызметтердің жұмысы, скринингтік тексерулер көрсеткіші, тууға қабілетті жастағы әйелдер бойынша өткізілген медициналық тексеру қорытындылары, короновиріс індетінің ахуалы денсаулық сақтау саласындағы жетістері туралы баяндама жасап, слайдты көпшілік назарына ұсынды.
АЛТЫ АЙДА 909 НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН
Баяндамашының айтуынша, ауданға қарасты 35 денсаулық сақтау пунктінде 901 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде аудандық аурухана, емхана, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы, 3 фелдьшерлік-акушерлік, 14 дәрігерлік-амбулаториялық, 15 медициналық пункт 86 мыңға жуық аудан тұрғынына үздіксіз қызмет көрсетуде. Мұндағы медициналық техникамен жабдықтау деңгейі 2021 жылдың 12 айында 87,86 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың осы кезеңінде «Халықты тұрғылықты тіркеу» порталында 69858 тұрғын тіркелген. Оның 35513-і ер, 34980-і әйел, 1 жасқа дейінгі балалар – 1 491, ал 5 жасқа дейінгі жеткіншектердің саны – 7870, жасөспірімдер 3303 құрап отыр. Аурушаңдық пен туу статистикасына мән берсек, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда алты айда 909 нәресте дүниеге келген. Нәрестелердің туу көрсеткіші 12,9 пайызға жетіп, халықтың табиғи өсімі ауданда 10,4 пайызды құрайды. ⤵️⤵️

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок