«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ОТЫРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

?Жамбыл ауданының аумағында ағымдағы жылдың сәуірдің 24-нен бастап 30-на дейінгі кезеңде «Өмірің үшін – вакцинация ал» ұранымен иммундау аптасы жүргізілуде. Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған – бұл иммундау аптасының аясында тұрғындар арасында жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстарының маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жаднама парақшалары таратылуда.

?Бүгін Жамбыл аудандық орталық емханасында 24-30 сәуір аралығында өтіп жатқан иммундау апталығына орай «Вакциналар: ұзақ және аман-сау өмір сүруге ұмтылу» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.

?Аталмыш шараға Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау бөлімінің басшысы Индира Карагаева, осы бөлімнің бас маманы Гүльнар Сариева, аудандық орталық емхананың иммунолог дәрігері Жадыра Тотаева, сонымен қатар ата-аналар қатысты.

?Дөңгелек үстел барысында ата-аналарға екпе жүргізуге қатысты түсіндіру жасап, балаларға жасалатын вакциналардың денсаулықты қалыпты жағдайда ұстаудағы, аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтандырудағы маңызы жайлы әңгімеледі.

?«Ата-аналарға балаларға салынатын екпелердің қауіпсіздігін айтып түсіндірудеміз. Егуден бас тартқан ата-аналарды мамандармен кездестіріп, олардың кеңестерін тыңдауына мүмкіндік жасап отырмыз. Бүгінде балаларға вакцина жасатудың зияны жоқ екенін айтып түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз баршамыз заң аясында әрекет етеміз. Елде екпе жүргізу — мемлекеттің саясаты. Балалардың дені сау болып, түрлі сырқатқа шалдықпауына ең алдымен ата-анасы жауапты екенін есте ұстауымыз абзал. Егер бала кез келген жұқпалы сырқатқа шалдығар болса, алдымен ата-ана моральдық және материалдық шығынға ұшырайды. Екпе алу ең алдымен баланың денсаулығы мықты болуы үшін қажет, ал балалар — біздің мемлекетіміздің болашағы»,-деді өз сөзінде Жадыра Нурбердиевна.

?Шара соңында ата-аналарға иммундау саясатының маңызы жайлы мамандар кеңінен түсіндіріп, ақпараттық жаднама парақшалары таратылды. Ата-аналар дәрігерлерге екпеге қатысты өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды.

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок