ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

?Жамбыл аудандық орталық ауруханасының мұрындық болуымен Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында акциялар өтуде.
Мәселен, бүгін аудан орталығы Аса ауылындағы «Халыққа қызмет көрсету» орталығында, үлкен сауда орталықтары мен орталық алаңда, яғни, адамдар көп шұғырлан тұрғындар үшін қан қысымын өлшеп, вакцина алудың әсері туралы түсіндіріліп, кеңестер беру ұйымдастырылды. Бұдан өзге де аурулардың алдын алу туралы  жадынама парақшалары таратылды.

?Апталық аясында өзге де кәсіпорындарда, мектептерде, емханаларда және сауда орындарында акциялар өтуде.

?Жамбыл аудандық орталық емханасының әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және сауықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акцияның негізгі мақсаты – қазір екпеден бас тартқандарды райынан қайтару, оларға вакцинаның пайдасы жайлы түсіндіріп, салауатты өмір салтын сақтауға, екпе алуға шақыру.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру