КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ (КҚГҚ) ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМЕТТЕР

КҚГҚ деген не және қалай жұқтырылады?

КҚГҚ-бұл вирустан туындайтын ауыр жұқпалы ауру. Табиғи ортада бұл вирус кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлардың (қояндар, ұсақ кеміргіштер, кірпілер) және үй жануарларының (ешкілер, қойлар, сиырлар, жылқылар және т.б.) ағзасында болады. Адамның оны жұқтыруы жұқпалы кенемен (шағуы немесе жаншылған кенемен жанасу), жануарларды сою кезінде оның қанымен немесе басқа да сұйықтықтармен жанасу болғаннан кейін болуы мүмкін.

КҚГҚ клиникалық байқалуы

аурудың басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын қарапайым белгілермен сипатталады- температура, бас ауруы, буынның, белдің ауруы. Ауру одан әрі дамыған жағдайда әртүрлі жерлерден қан кете бастайды (мұрыннан, қызыл иектен, ине салған жерлерден), тері бөрітпелері және қан құйылу пайда болады. Қазіргі уақытта КҚГҚ емдеу әдістері әзірленген.

КҚГҚ жұқтырудың жоғары қаупі бар аумақтар

КҚГҚ вирусы табиғи ошақтар деп аталатын белгілі бір аумақтардағы табиғатта кездеседі.

Жамбыл ауданының 6 елді мекені (Қызыл таң, Айша биби, Шайқорық, Бектөбе, Ақбастау.) ауылдары  жатады.

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағы КҚГҚ аурушаңдығынан эндемиялық болып саналады.

Жұқтырудың жоғарғы қаупіне кімдер шалдығады?

Жұқтырудың аса қаупіне жануарларды күтіп бағумен, сондай-ақ эндемиялық аумақтарда мал союмен немесе қақтаумен байланысты қызметтің (шопан, малшы, сақманшы, ветеринар қызметкерлері)  түрлерімен айналысатын адамдар, қанмен және ағзаның басқа да биологиялық сұйықтықтарымен қорғалмаған жанасуда болатын медициналық қызметкерлер шалдығады.

Эндемиялық аумақта жұқтырылған кенемен жанасуда болған кез келген адам жұқтырылуы мүмкін.

 

Мыналарды есте сақтаңыздар

КҚГҚ жұқтырмау үшін сізге:

Кенелермен жанасуда болмау,

Жануарлардың қанымен жанасуда болмау,

Науқас адаммен тікелей жанасуда болмау қажет.

Кенелердің шағуын болдырмаңыз

КҚГҚ табиғи ошақтарындағы адамдарға кенелердің шабуылынан жеке қорғану үшін арнайы киім кию ұсынылады:

Қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу және резеңкелі (тығыздап) манжетті жеңі бар көйлек кию керек.

Саяхатшылар және балалар табиғатқа демалысқа шыққан кезде ашық түсті кененің жабысқаны көрінетін жақсы қорғалған киім, аяқ киім бас киім, (ол үшін – шалбардың барлығын шұлыққа салу, ұзын жеңді көйлек кию) кию қажет. Дененің ашық жеріне және киімге кенелерді қорқытатын немесе өлтіретін құралдарды қолдану керек.

Киімге, сондай-ақ өзіңе жабысқан кенені анықтау үшін тексеру қажет. Өзіңіздің өзіндік қолыңыз жетпейтін жерлерді (бастың шаш бөлігін, мойынның артқы жағын) басқа біреудің  қарауын өтініңіз.

Кенелерді жою бойынша жануарларға шаралар қолданыңыз

Ветеринарлық – шаруашылық кешендік шараларға ең алдымен малдарға, мал қораларға және басқа жайларға кенеге қарсы өңдеу жүргізу кіреді. Жануарларды қырқу алдында малдарға кенеге қарсы өңдеу жүргізу қажет. Малдағы кенелерді жоюға осы мақсатпен ветеринарияда рұқсат етілген акарицидтік құралдар қолданады.

Денедегі кенені қысқаштың көмегімен алып тастаңыз

Вирустың берілуін тоқтату және жұқтырудың алдын алу үшін жабысқан кенені мүмкіндігінше тез алып тастау керек. Қорғалмаған қолмен кенені ұстау қауіпті екенін есте сақтаңыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) кенені алып тастаудың мынадай әдістемесін ұсынады:

Қарапайым қысқашпен өзіңіздің теріңізге мүмкіндігінше жақынырақ кенені ұстап алыңыз. Қысқашты қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап және ұқыпты (теңселтпей, жұлқыламай) тартыңыз. Кене алынған жерді спиртпен сүртіңіз. Алынған кенені сыйымдылыққа салып, оны қақпақпен тығыз жабыңыз. Кенеде вирустың бар болуын облыстық санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығында анықтауға болады.

Малдарды сою және қақтау кезінде, сонымен бірге малды бағып-баптау кезінде маска, қолғап және арнайы киімді пайдаланыңыз

Жаншылған кененің (кесілген кене) қаны арқылы қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау құралдарын пайдаланыңыз.

Медициналық көмекке жүгініңіз

Егер сізді кене шағып алған болса, онда тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз.

Сізді 14-күнге дейін медициналық бақылауға алады. Аурудың бірінші белгілері дене қызуы көтерілуі пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек.

КҚГҚ қатысты кез келген мәселелер бойынша аумақтық  санэпидқадағалау органдарымен байланысуға болады.

 

 

Аурухана эпидемиолог дәрігері                                    Ширикбаев Аскар.

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок