🔰НАШАҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМНЫҢ ЖАУЫ!

📌Қоғам дерті саналатын – нашақорлықпен күрес бүгінде басты орынға қойылып келеді. Әсіресе соңғы кездері мұның алдын-алу жолында бүкіл республика көлемінде акциялар ұйымдастырылып, жастарды жаман әдеттен жирендіруге арналған шаралар өткізіліп келеді.

📌Жамбыл аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық- қоғамның жауы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті. Аудандық орталық аурухананың іс-жоспарына сәйкес өткен шараға аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, шара барысында олар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.

📌 Мамандар нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Дөңгелек үстел» отырысы барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы танымдық бейнекөрсетілімдер көрсетіліп, нашақорлықтың алдын-алу туралы буклеттер, парақшалармен плакаттар таратылды.

📌Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, мамандарға өз сұрақтарын қойды.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру