«Пациенттерді қолдау қызметі»

Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 07-ші шілдеде шыққан  «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексіне сай, әрбір пациент құқықтарына сай, сапалы медициналық көмек ала алады.

Әрбір пациенттің сапалы медициналық көмек алуы заңды. Пациенттердің туындаған проблемаларын шешу, көрсетілетін медициналық мекемелерінде ішкі аудит қызметі құрылған. Сондай – ақ, 2015 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданы азаматтарының әртүрлі инстанцияларға медициналық көмек сапасына жүгінулерін есепке ала отырып осы қызметтің жұмысына ерекше назар аударылып басталды.

Бұл қызметтің негізгі міндеті медициналық қызмет сапасының төмендігіне жүгінген азаматтардың өтініштерін азайту, медициналық көмектің стационар болсын, амбулаториялық болсын түрлеріне тұрғындардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Тоқсан сайын стационарлық бөлімшелер мен емханалардағы пациенттерден қанағаттану деңгейін анықтаумен сауалнамалар алынады. Емханада дәрігерге алдын ала жазылу жүргізіледі, мұның өзі тіркеу және қабылдау бөлімдерінде кезектің азаюына әкеледі.

Құрметті аудан тұрғындары, бұл мәселелердің бәрі де сол орнында яғни «осы жерде және қазір» принципі бойынша пациенттерді қолдау қызметімен шешіле алатын сұрақтар.

Сіздерді қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелерді алу үшін, медициналық сұрақтарды шешу үшін сіз аудандық емхананың бас дәрігері А.Сауруковқа және « Пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза» қызметінің басшысы Т.Мусаевқа, сондай – ақ аудандық эксперт дәрігері Ж.Қ.Мырзайға жүгіне аласыз. Аудандық пациенттерге қолдау көрсету қызметінің сенім телефоны:, 872633 41904; «call center» телефоны: 872633 79079

Сіздің атыңыз, тегіңіз, байланыс телефондарыңыз (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша өтінішіңізді аурухананың кіре берісінде орналасқан, өтініштер салу жәшігіне қалдыруыңызға болады. Сонымен қатар Жамбыл аудандық орталық ауруханасының «Пациенттерге қолдау көрсету қызметі» жеке блогы әлеуметтік желілерде тіркелген,  яғни инстаграмм желісі бойынша «sppjambylasa1» аккаунтында сұрақтарыңызды қалдыра аласыздар.

Біз , мекемедегі көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасын жақсартуға себін тигізетін Сіздің өтінішіңіз, ұсынысыңыз, пікіріңізге алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен, Пациенттерді қолдау қызметі.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру