«Пациенттерді қолдау қызметі»

Әрбір пациенттің сапалы медициналық көмек алуы заңды. Пациенттердің туындаған проблемаларын шешу, көрсетілетін медициналық мекемелерінде ішкі аудит қызметі құрылған. Сондай – ақ, 2015 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданы азаматтарының әртүрлі инстанцияларға медициналық көмек сапасына жүгінулерін есепке ала отырып осы қызметтің жұмысына ерекше назар аударылып басталды.

Бұл қызметтің негізгі міндеті медициналық қызмет сапасының төмендігіне жүгінген азаматтардың өтініштерін азайту, медициналық көмектің стационар болсын, амбулаториялық болсын түрлеріне тұрғындардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Тоқсан сайын стационарлық бөлімшелер мен емханалардағы пациенттерден қанағаттану деңгейін анықтаумен сауалнамалар алынады. Емханада дәрігерге алдын ала жазылу жүргізіледі, мұның өзі тіркеу және қабылдау бөлімдерінде кезектің азаюына әкеледі.

Құрметті аудан тұрғындары, бұл мәселелердің бәрі де сол орнында яғни «осы жерде және қазір» принципі бойынша пациенттерді қолдау қызметімен шешіле алатын сұрақтар.

Сіздерді қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелерді алу үшін, медициналық сұрақтарды шешу үшін сіз аудандық емхананың бас дәрігері А.Сауруковқа және  ішкі экспертиза басшысы Т.Мусаевқа, сондай – ақ аудандық эксперт дәрігері Ж.Қ.Мырзайға жүгіне аласыз. Аудандық пациенттерге қолдау көрсету қызметінің «call center» телефоны: 872633-79900; «WhatsApp» нөмірі: +7 706 410 70 45, +7 7262 970191.

Сіздің атыңыз, тегіңіз, байланыс телефондарыңыз (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша өтінішіңізді аурухананың кіре берісінде орналасқан, өтініштер салу жәшігіне қалдыруыңызға болады. Сонымен қатар Жамбыл аудандық орталық ауруханасының сайты: asa-crb.kz.,  «Пациенттерге қолдау көрсету қызметі» жеке блогы әлеуметтік желілерде тіркелген,  яғни инстаграмм желісі бойынша «sppjambylasa1» аккаунты, фейсбук желісі бойынша «crb.jambyl» аккаунтында арнайы «пациенттерге қолдау көрсету қызметі» атты тобына тіркеліп, сұрақтарыңызды қалдыра аласыздар.

Біз ұйымдағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасын жақсартуға себін тигізетін Сіздің өтінішіңіз, ұсынысыңыз, пікіріңізге алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының, Пациенттерді қолдау қызметі.

 

 

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігер эксперті                 Ж.Қ.Мырзай

Мы в социальных сетях:

    Заказать звонок