Сүт безі обырының қауіптілігі жөнінде ақпарат

Әлемде әйелдер арасында ең көп таралған ауру сүт безі обыры, оған әйелдер арасында обырмен ауыру оқиғасының 16%-ы тиесілі, аурушаңдылық өмір сүру ұзақтығының өсуіне, қалалану мен заманауи өмір салтын ұстануға байланысты өсіп отыр. Жыл сайын әлемде 1,38 миллионға жуық адамнан сүт безі обырын анықтап,  458 000-ге жуық оқиға өліммен аяқталады (ОЗХА, Globocan, 2008 ж.).

Сүт безінің жиі кездесетін ауруы мастопатия, жылауық, қатерсіз ісік болып табылады, олар сүт безі обырының дамуының себебі болуы мүмкін. Сонымен, ауруды емдеу тәсілі мен ем нәтижесі тікелей байлынысты болғандықтан ерте және сапалы диагностикаға ерекше мән беріледі.

Сүт безі обырын ерте анықтау стратегиясы алғашқы белгілеріне қатысты хабарлылықты және медицина ұйымдарында сүт безін клиникалық тексеру арқылы скринингтен міндетті өтуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанда сүт безі обыры әйелдер арасында ісік ауруларының құрылымында, жалпы қатерлі ісік құрылымында 1-орынды иеленуде. Сонымен қатар, біздің ауданда да 1-ші орынды алып отыр: аталған аурудан есепке алынғандар саны 2020 жылы 12 адам болса (оның 1-і 1-ші сатысында), 2021 жылы 16 адам болған, оның ішінде 1-ші сатысында – 5, III-IV асқынған сатысында – 3, өлім-жітім 2020 жылы 2 болса, 2021 жылы 5 болған, яғни жүргізіліп жатқан скринингтік жұмыстарға қарамастан аурудың асқынған сатысында анықталуы және өлім-жітім көрсеткіші өсіп отыр.

Сүт безі обырының ерте анықталып және сүт безі обырын емдеуге тиісті диагностика болғанда емдеу мүмкіндігі жоғары болады. Дегенмен емдеуді кеш бастағанда жиі тиімсіз болады. Анықталған ауруды 1-сатысында емдеу пайызы 91-93%-ды, 2-сатысында 80%, 3-сатысында -50%-ды құрайды.

Ауруды ерте диагностикалау мен дер кезінде емді бастау әйелдердің денсаулығын сақтаудың кепілі.

Осыған байланысты елімізді 01.02.20222 – 10.02.2022 жж аралығында онкологиялық аурулармен күресу мақсатында онкүндік өтуде.

Онкүндіктің мақсаты жұртшылықтың, әсіресе жұмыс берушілердің назарын сүт безі обырының алдын алу мен ерте анықтау мәселесіне, сүт безі обырын ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпараттылықты арттыруға, өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру мен сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік тексеріп-қараудан (маммография) дер кезінде өтуге, мінез-құлықтық  және биологиялық қауіпті факторларды бақылауға және салауатты өмір салтын ұстануға аудару.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру