Скринингтік тексеру – денсаулық кепілі

Жалпақтөбе Бастапқы Медициналық Көмек көрсету орталығы.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы 174/2020 бұйрығына сәйкес 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жас аралығындағы тұрғындар арасында скринингтік тексеру шаралары жүргізіледі.Скрининг-бұл белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу,қауіп факторлары мен аурудың ерте сатысында анықтауға әрі асқындырмауға және жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді.Бұл тексерулер жүрек-қан тамырлары,қант диабеті,сүт бездері қатерлі ісігі,тоқ ішек және жатыр мойны қатерлі ісігі ауруларын ерте анықтап,дер кезінде емдеуге бағытталады.Тексеру барысында антрометриялық өлшем,қан қысымы өлшемі,қандағы қант пен холестерин деңгейі,глаукомаға(су қараңғылық)тексеру,колоректалды тексеру,сүт бездерін түсіру аппараты және электрокардиограмма түсіріліп жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен бейінді дәрігерлер қарауына жіберіледі.!
Аурудың алдын алу, ерте сатысында анықтау мақсатында көрсетілген жастағы адамдарды
СКРИНИНГТІК тексеруден өтуге шакырамыз!

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру