Жылжымалы медициналық көмектің 2022 жылдың 1 – тоқсанында атқарған жұмысы.

Жамбыл аудандық орталық  ауруханасы шаруашылық жүргізу  құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік кәсәпорны Әкімшілігі жылжымалы медициналық көмек  келесі жұмыстарды атқарғандығын  хабарлаймыз.  3  айларында елді мекендерге барлығы 15 шығу болды. Қаралған  науқастар саны- 3712. Жылжымалы медициналық көмек 15 тұрғылықты мекен жайларда болды, Тастобе 1 рет,Енбек 1 рет,Б-Енбек 1 рет,Шокай 1 рет,Костебе 1 рет,Жамбыл 1 рет,Жасөркен 1 рет,Турксиб 2 рет, Қызылқайнар 1 рет,Бесагаш-2 рет,А-биби -1 рет,Гродикова 2 рет,Пригородный 2 рет,Кара-кемер 1 рет,

Тұрғындарға медициналық көмекті  келесі мамандар көрсетті:невропатолог, гинеколог, стоматолог, рентгенолог,флюорография, кардиолог,УЗИ . Қаралған 3712 тұрғындардың ішінен қосымша диагностикалық тексерулерге 249 адам жіберілді, ауруханалық емді қажетсінген 219 науқас. Амбулаторлық емді қажетсінген 294  науқасты тұрғылықты мекен жайындағы   учаскелік жалпы тәжиірбелік дәрігеріне  қадағалауға жіберілді.

Аудан бойынша мамандардың жылжымалы медициналық көмек   көрсетуі үшін 2022 жылға кесте құралған. Кестеге сәйкес  мамандар елді мекендерге  шығып тұрады. ДА, МП,ФАП қызметкерлері де  шығу кестесінен хабардар.

Әр  жергілікті дәрігерлік амбулаториаларда (ДА)  диспансерлік есепте тұрған науқастардың тізімі, мақсатты топтағыларға  скрининг, алдын алу тексерілуден өтетін тұрғындардың тізімі бар.

Жылжымалы медициналық көмектің мақсаты  тұрғылықты халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, диагностикалық  тексерулер арқылы  аурудың бастапқы  сатысында ерте анықтау.

 

Орындаған: Абдуалиева М.У

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру