🔰АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

♦Жамбыл аудандық орталық емханасының хирург дәрігерінің дәріс жүргізуімен мектеп мейірбикелері арасында «Түрлі жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету» тақырыбында семинар өтті.

♦Семинар барысында жазатайым болатын жарақаттар,сынықтың түрлері, қан кету кезінде, улану, күйік кезінде, тыныс жолдарына бөгде зат тұрған кезде тұншығу, шок, коллапс кезінде шұғыл дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдіс-тәсілдерін көрсетті.

♦Сынықтың түрлері, қан кету сынды кезіндегі көмек туралы айтып, медбикелердің өздеріне практика жүзінде қолданып көрсетті.

♦Қатысушылар шара соңында туындаған сұрақтарын қойып, талқылады. Дәріс соңында мейірбикелер өздерінің түсінгендерімен бөлісіп өтті.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру