Баладан қан шығарамыз деп жан шығарып алмайық!

Соңғы жылдары хиджама жасату белең алып кетті. Жақында әлеуметтік желіде сәбилерді жылатып, маңдайынан қан алған маманның әрекеті қызу талқыланды. Желі қолданушыларының бір тобы хиджама жасау арқылы арам қаннан арылуға болады деп ойласа, екінші топ хиджамаға заңмен тыйым салу қажеттігін алға тартуда. Дегенмен елімізде курс оқып, сертификат алғандар хиджама жасауды кәсіп көзіне айналдырып алған.Хиджама жасайтындарға лицензия берілмейді.                                                                  

Медициналық көмектің түріне жатпайды және оның зардаптары:                                        

 –Хиджама жасау­шылардың арнайы медициналық білімі болмағандықтан, көптеген науқасқа зияны тиіп жатыр.

Процедураны дұрыс жүргізбегендіктен, нау­қастарда инфекциялық сырқат өршиді, ба­қылаусыз қан алын­ғандықтан, нау­қас гиповоле­миялық шокқа түсіп қалуы мүм­кін. Өкінішке қа­рай, қайғылы жағдаймен де аяқ­талып жатқаны бар.

Хиджама дәстүрлі медицинаға жатпайтындықтан,бұл процедура заңнамада қарастырылмаған. Сәй­кесінше, лицензия да беріл­мейді.

Олардың қан алатын құралдарының бар­лығы стандартқа сай келмейді. Қытайдан шыққан банкалармен адамнан қан алу қауіпті.

Ақша табу көзіне айналдырған. Осылайша, медициналық ұйым­нан «хиджама курсын оқы­ды» деген сертификат алған ем­шілер ашық қызмет көрсетіп жүр. Әлеуметтік желіде курстардың жар­намасы жер жарып тұр. Сонда да болса хиджама жаса­татын адамдар баршылық. Бірақ олардың барлығы бірдей хиджама жасатып ауруынан айығып кет­пейді. Себебі хиджама жасай­тын­дардың өзі аурудан толық айық­тырамыз деп уәде бере алмайды.

– Кімде гемофилия ауруы бар, оларға хиджама жасауға болмайды. Ол қанның сұйықтығы, сол үшін алдымен жалпы қанға анализ тап­сыру керек, диабет, дене қызуы болмауы керек. Өйткені темпе­ратура болған кезде бастан қан алуға болмайды, инфекция басқа көтеріліп кетуі мүмкін. Ал денеден алуға болады. Бірақ бәріне бірдей әсер етпейді, хиджама біреуіне ем болып жатады, біреуіне ем бол­май­ды. Сондықтан біз алдын ала науқасқа: «саған 100 пайыз көмек­теседі деп айтпаймыз» деп ескер­теміз хиджама жасайтын емші.Демек, мұндай емшілердің жұмысын қадағалап, адам емде­уіне тыйым салу керек. Мұны Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та растап отыр.

Осылайша, министрлік бұл са­лада шарасыз екенін жасырмай­ды. Өйткені бұған дейін Денсаулық кодексінің 54-бабының 4-тарма­ғына сәйкес, жеке тұлғалар уә­кілетті орган аккредиттеген ден­сау­лық сақтау ұйымдары беретін сертификат негізінде ғана халық­тық медицина, емшілік әдістерімен ем­деуге кірісе алатын. Бірақ «Рұқ­сат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың ба­қылау және қадағалау функция­ларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі заңымен бұл норма алып тасталды. Бұл жаңа заң биз­неске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету, сондай-ақ кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жөніндегі Пре­зидент тапсырмасын орындау үшін қабылданды. Нәтижесінде, ми­нистрліктің денсаулық сақтау ұйым­дарын емші сертификатын беру құқығына аккредиттейтін құ­зыреті жойылды. «Емші серти­фи­каты» рұқсат беру құжаты қысқар­тылды. Салдарынан бүгінде халық емшілерінің қызметін бағалау мен бақылау қиын.

Иә, аңқау елге арамза молда. Кәсіби мамандардың қаққан дабы­лына құлақ түрмей, хиджама жасат­қан қаншама адам өз өміріне зиян келтіріп жатыр. Нәрестеге хиджама жасағаннан кейін бір топ қазақ­стандық медицина саласы­ның ма­мандары мен ғалымдары Денсау­лық сақтау министрлігін баламалы ме­дицина тәжірибесі мен хиджа­маны қолданумен бай­ланысты әрекет­тер­ді, әсіресе кә­мелетке тол­­маған­дарға қатысты осы тәжі­рибені қол­дануды реттеуге арала­сып, шара қолдануға шақыр­ған петиция бас­тады. Екі күн ішін­де оған 11 мыңнан аса азамат қол қой­ған. Енді минис­тр­лік хиджама орта­лық­тарының жұмысын бақылауға алады.

Балалардан қан шығарамыз деп жан шығарып алмайық!

 

Аудандық балалар дәрігері                        А.Байғабылова

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру