Балаларға көңілді күй сыйлады

1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күнінде аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен “Мен өмірдің гүлімін” атты мерекелік шара өтті.
Шарада балаларға көңілді күй сыйлау мақсатында қойылымдар қойылып, сыйлық тар табысталды.

Мерекелік кеште сөз алған аудан орталық ауруханасының бас дәрігері Сейдахмет Шыныбеков бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

– Жаз мезгілінің бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі. Жыл өткен сайын бұл күннің мерейі артпаса кеміген емес. Бұл күн – бәріміз үшін ерекше күн. Өңір тұрғындарын, әсіресе бүлдіршіндерімізді осы тамаша мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елдің баянды болашағы – сіздердің қолдарыңызда.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы екені белгілі.
Тағы да бүлдіршіндерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді Сейдахмет Байдуллаұлы өз сөзінде.
Ізгі тілегін «Аманат» партиясы аудандық филиалының мүшесі Елемес Тәжікеевте білдірді
Сондай-ақ бүлдіршіндердің ата-аналары ұйымдастырушылар алқасына керемет кеш ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру