Буын ауруы мазалап жүр ме?

Барлығымызға белгілі күн салқындаған сайын ауру түрлері көбейіп, бірі тұмаумен алысса, енді бірі буын ауыруымен мазасы қашады. Дәрігерлердің айтуынша, аяқтың қақсап, сырқырауы – суық өткеннен пайда болады. Сондай-ақ, бұрындары жастары 40-50-ді еңсерген аға-әпкелердің аяқтарының ауыратынын байқасақ, бүгінде қатарларында жасөспірімдер де бар екенін көріп те, аңғарып та жүрміз. Әрине, тепсе темір үзер шақтарында ерте жастан буын ауруларының пайда болғаны өкінішті-ақ.
Жалпы буын аурулары – шеміршек майының жойылуынан пайда болады. Статистикаға сүйенсек, дерт жылдан жылға асқынып барады. Негізінде бұл ауру науқаста түрлі жолмен пайда болады. Нақтырақ себептеріне тоқталсақ: бірінші себеп – зат алмасу процесінің бұзылуы, екінші себеп – аяқты қатты соғып алған жағдайда елеусіз қалуы, үшінші себеп – тұқым қуалау.
Буын ауруымен ауырған науқастың аяғы қисайып кетеді. Тізенің ішкі жағы тарылады да, сыртқы жағы кеңейеді. Егер де, аурудың алдын алып, емделмейтін болса, дерттің арты мүгедектікпен аяқталуы әбден мүмкін.
Буыны ауыра бастаған адам ең алдымен терапевтке, невропотологқа, травматологқа қаралады. Негізі ең бірінші ревматологқа көріну керек. Себебі, шеміршек аралық майдың ағып кетуінен үшінші кезеңге дейін ревматолог дәрігерлері қарайды. Ал аурудың төртінші, яғни соңғы кезеңін травмотолог-ортопед мамандары емдейді.
«Үлгермейміз түсініп те, байқап та кейбір сәттің нағыз бақыт екенін» демекші, ең басты бақыт – денсаулықтың сау болуы. Өз денсаулығыңызға күтіммен қарап, салауатты өмір салтын ұстансаңыз болғаны, ауру сізге жоламайды. «Сұрап алған аурудың емі жоқ» демекші, дертті қолдан жасамай, керісінше ауырмаудың жолын іздейік!

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру