ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 9,5 % – Ы ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

Бүгінгі брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін және Қазақстандықтардың 9,5 % – ы тұмауға қарсы вакцина алғанын атап өтті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресей өндірген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн.дозасы сатып алынған. Бұл ДДСҰ ұсынған кемінде 10%-дан республиканың жалпы халқының 12%–ын қамтуға мүмкіндік береді.

Мәселен, КСЭК өкілінің ақпараты бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлеріне арналған білім беру ұйымдарының балалары; эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинацияланады.

«Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 1 806 710 адам немесе республиканың жалпы халқының 9,5% егілді. Оның 97,3 пайызы жергілікті бюджет қаражатынан, 1,6 пайызы жұмыс берушілер есебінен, ал ақылы негізде 1,1 пайызы вакцинацияланған. Вакцинацияланғандардың жалпы санынан: 14 жасқа дейінгі балалар – 392 076 (21,2%), ересектер– 1 423 287 (78,8 %)», – Роза Қожапова вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелмегенін атап өтті.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру