«ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ, ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ГИГИЕНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨРБІГЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ

 

♦Еңбек орта мектебінде «Сенім» жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің аллын алу және қыздар гигиенасы» тақырыбында ашық әңгіме өтті. Шара аталмыш мектептің қыз балалары мен әлеуметтік қызметкер мен психолог мамандары қатысты.

♦ Әңгіме мақсаты: отбасын жоспарлау және неке мәселелері бойынша санитарлық ағарту және кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы кеңінен түсіндіру.

♦Әңгіме барысында мамандар жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын, жасөспірімдердің психикасын өзгертетін жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі қандай екенін, ерте жүктіліктің зардабы жайлы айтты. Ерте жүктілік және амалсыз аборт қыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіреді және оның одан әрі репродуктивті функциясына әсер ететіндігін кеңінен түсіндіріп өтті.

♦ Ашық әңгіме соңында қыбалалары өздерін толғандырған сұрақтарын мамандарға қойып, ойларын бөлісті.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру