Өңірде 733 жүкті әйел екпе ектірген

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов өңір тұрғындарының екпе алу шаралары туралы аудан әкімдігінің Facebook парақшасында тікелей эфир өткізіп, сұрақтарға толымды жауап берді.
Баспасөз алаңында сөз алған Нұрмахан Досмұханұлы:
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Әрбір азамат үшін отбасының амандығынан басқа бақыт жоқ. Ал қазіргідей коронавирус індеті өршіп тұрған уақытта сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Адамды да, ұлтты да талғамайтын дертпен дүниежүзі күресуде. Дендеген ауруды ауыздықтаудың жалғыз жолы – вакцина. Екпе ектіру арқылы біз қоғамдық имунитет қалыптастырып, індетке тойтарыс бере аламыз. Аудандағы бұл жұмыстар екпінді жүргізілуде.
Өңірге жеткізілген 13080 «Pfizer» вакцинасын 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 5555-і бірінші компонентін, 2822-сі екінші компонентін ектіртті. Аталған екпенің бірінші компонентін 362, екінші компонентін 218 жүкті әйел қабылдаса, ревакцинациядан 153-і өткен. 1000 емізулі ана бірінші компонентті, 558 екінші компонентті салдыртты. Жасы 60 асқан аудан тұрғындарының ревакцинациялаудан өткені 330-ға жетті. Соңғы уақытта әлемде балалардың індеткен шалдығып жатқаны белгілі. Ал «Pfizer» вакцинасы тек жүкті аналарға әсер етіп қана қоймай, іштегі шағалақтың имунитетіне оң әсерін тигізеді. Егде жастағы азаматтар ревакцинациялаудан жеңіл өтуі үшін осы екпе ұсынылуда.
Бастысы – сақтық шараларын қатаң сақтау. Отбасымызда бізге қымбат жандар бар. Олардың өмірін тәуекелге тігуге болмайды.
Сондай-ақ аудан бойынша коронавирус індетін ауыздықтау мақсатында «Pfizer» вакцинасын бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда. Бүгінде 39219 азамат екпенің бірінші компонентін толықтай қабылдады. Екінші компоненттің 38470 дозасы жеткізілсе, бүгінде оның 37303-і егілген. Ал ревакцинадан 11844 азамат өткен, – дейді бас дәрігердің орынбасары.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру