Әлеуметтік қорғау формасы кеңінен сөз болды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – халық мүдделерін, денсаулықты қорғаудың, ауру басталғанда, жарақат, жүктілік пен босану, мүгедектік және кәрілік кезінде әлеуметтік қорғау формасы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – денсаулықты қорғау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Медициналық сақтандыру жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматтарына медициналық және дәрі-дәрмектік көмек үшін тең қолжетімділікке кепілдік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі еліміздің азаматтарына медициналық қызмет көрсетулердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайларында мемлекет еліміздің барлық азаматтары үшін медициналық көмектің минималды пакетін немесе медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуды өзіне алады. Оны көптеген елдер халқы денсаулық сақтау жүйесінің ең нәтижелі үлгілерінің бірі ретінде таниды. Оның тиімділігі – денсаулықты қорғауға мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың жауапкершілікте болатындығы.
Бұл жайында Қарой ауылдық округі әкімі аппаратында жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен кездесуде айтылды. Әуелі күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов хабарлама жасап, мән-жайды егжей-тегжейлі баяндады.
Басқосуда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Ғайни Аймағамбетова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімді тұстарын тарқата айтты. Ол: «Медициналық сақтандыру қолжетімді емделуді және азаматтардың өз таңдауы бойынша дәрігердің қабылдауынан бастап терең тексерулер мен бағалы операцияларға дейінгі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шегіндегі барлық қызметтер көрсетілетін кез келген мемлекеттік немесе жекеменшік клиникаларда медициналық көмекке деген құқығын қамтамасыз етеді. Барлық қызмет көрсетулер бойынша шығындар Қор есебінен өтеледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін медициналық қызмет түрлеріне амбулаториялық-емханалық көмек, емханаларда емделу, дәрігерлердің қабылдауы, лабораториялық қызмет көрсетулер, диагностика мен манипуляциялар жатады. Стационарлық көмек жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу арқылы көрсетіледі» – деп, ендігі кезекте сақтандырылмаған азаматтармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру