🔰МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

🔶Күні кеше Республика күніне орай Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова медицина қызметкерлерінің тобына ведомстволық наградалар табыс еткен болатын.

♦Солардың қатарында Жамбыл аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері де бар.

♦Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Абильдаева Айгуль Ержановна Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Пригородное дәрігерлік амбулаториясының аға, жалпы практика дәрігері Исмайлов Ергали Нурманович Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және аурухана зертханасының зертханашысы Боранбаева Гуля Жамантаевна Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне үлес қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сонымен қатар шаруашылық меңгерушісі Садуақасов Арман Ерболұлы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

♦Марапат алған әріптестеріміздің дендеріне саулық, отбастарына амандық, баянды бақыт тілейміз.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру