ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

📌Жамбыл облысына іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жамбыл аудандық орталық емханасына барды.
Емхананың бас дәрігері Алтай Сауруков министрді алғашқы медициналық-санитариялық көмектің емдеу алдын-алу орындарындағы жұмыс істеу моделін қалыптастыру, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі незінде учаскелерді ірілендіру, жалпы практика дәрігерінің, отбасылық дәрігердің тәжірибесін енгізу бағытында жұмыс істейтін “Үздік тәжирибелік орталықтың” жұмысымен таныстырды.
Сондай-ақ, делегация мүшелеріне емхананың медициналық қызмет көрсету түрлері: флюрокабинет, маммография, дәрігерге дейінгі және жедел коронарлы синдром кезінде алғашқы көмек көрсету, скрининг кабинеттері, әйелдер мен ерлерді қарау бөлмелері, өзіндік мейіргерлік қабылдау, ауруларды басқару бағдарламалары, денсаулық мектебі, салауатты өмір салты орталығы, әлеуметтік қызметкерлер жұмысы, психолог кабинеттері көрсетілді. Ажар Ғиният осылардың әрайсысын жіті тексеріп, мамандарға тиісті тапсырмалар беріп, қызметкерлермен тілдесіп, арнайы ұсыныс-кеңестер берді.
300 келушіге арналған жаңа типтегі Жамбыл аудандық орталық емханасы 2013 жылы пайдалануға берілген. Оның ішінде жалпы тәжірибе дәрігерлерінің 45 учаскесі, отбасылық денсаулық орталығы, оның ішінде Аса ауылында 8 учаске, әлеуметтік-психологиялық көмек, кеңес беру-диагностикалық бөлімшелері, «Сенім» жастар денсаулық орталығы, 61 төсектік күндізгі стационар, оның ішінде 51-і терапиялық бейіндегі, 10 хирургиялық, оның ішінде 20 төсектік амбулаториялық хирургия орталығы бар. Аса ауылындағы шұғыл көмек бөлімшесінде 3 бригада, клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істейді.
Тәулік бойы жұмыс істейтін орталық ауруханада қабылдау бөлімшесі, перзентхана, терапиялық, хирургиялық, инфекциялық, балалар, мейірбикелік күтім бөлімшелері, сондай-ақ 6 төсектік жедел блогы бар реанимация бөлімшесі халыққа медициналық қызмет көрсетеді.
Емханаға 74413 адам тіркелген, оның ішінде ересектер – 48557, балалар – 25856.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру