🔰ҮШЕМДЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНА БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жалпақтөбе ауылында Абдуллаевтар отбасында үшемдер дүниеге келді. Отбасы тірегі – Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы – Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр. Алғашқылары 2015 жылы туылып, Айлану есімімен аталса, Амелия 2018 жылы дүние есігін ашқан. Үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшемге жүкті болған.

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық бөлімінде үшем қыздар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм. Олар әдемі есімдермен – Айлин, Алия және Элиф аталды.

Бүгін Жалпақтөбе бастапқы медициналық санитариялық көмек орталығының меңгерушісі Сарсенкуль Исабековна Кампеисова және орталық қызметкерлері, аудандық орталық емхананың гинекологы Айша Кайпназаровна Байдилдаева
нәрестелердің шаңырағында болып, денсаулықтарын бақылап, ата-аналарымен жолығып, сый-сияпат табыс етті.

 

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру