ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы арнайы жұмыс сапарымен Жамбыл аудандық ортатық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу жүргізді. #адалдыққабірқадам атты тақырыбында, қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жемқорлықпен күрес біздің мемлекет үшін басты мәселе осыны қолға алу мақсаттары біздің Қазақстанда жаңаша белең алып келуі.
-Президент Касым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде жемқорлық –мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз деп осы бағытқа баса мән беріп отыр. Жемқорлыққа қарсы күресу шаралары жылдан –жылға күшейіп келуі, осы жұмысты жетілдіру біздің бір үлкен мақсатымыз, бізге қойылған мақсат осыны нәтижелі, бір-тұтас ел болып жұмыла орындауымыздың қажеттілігі, әр-түрлі жобаларды ұсыныстарды ұсынып талқылану. Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, Жамбыл аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және медициналық қызметтер сапалы мемлекеттік қызметтерге сай ем көрсету қажеттілігін атап өтті.