Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2022 жылдың 29 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы және басқармаға қарасты емдеу алдын-алу ұйымдарымен Квазимемлекеттік секторда адалдық стандарттарын сақтауға бағытталған жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметін құру туралы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаевтың қатысуымен өткен түсіндірме жиналысына  Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жауапты мамандары (БКБ) арқылы және » қатысты. Жиналыс барысында А.Ажибаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша соңғы өзгерістерге сәйкес квазимемлекеттік мекемелерде  Комплаенс-қызметінің  құрылуы, қызмет аясында атқарылуы тиіс іс-шаралар бойынша кеңінен тоқталып өтті. Комплаенс-қызметінің желісі адалдық, ашықтық және адалдық қағидаттарына берілгендікті көрсететін корпоративтік мәдениетті дамытуға  бастар жол. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.  Жалпы алғанда халықтың өмір сүру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу осы денсаулық сақтау саласының жұмысында маңызды басымдық болуы қажет.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында ұсынылды:

-Жамбыл аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, соның ішінде,

қоғамдық кеңестерге есеп беру жолдарын күшейту.

–  медициналық қызметтер келушілерге  көрсетілетін медициналық көмекті және таратылатын тегін дәрілік заттарды тарату бойынша арнайы  электрондық порталмен жұмыс істеуді күшейту;

 

Тұжырымдамадан туындайтын міндеттерді сапалы түрде іске асыру баршаға ортақ іс, себебі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға барлық азамат атсалысуы тиіс.

 

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру