Тұрғындармен кері байланысты нығайту

2021 жылдың маусым айынан бастап, Жамбыл аудандық орталық ауруханасында, «Денсаулық сақтау саласына қоғамдық сенім» орнату мақсатымен, халыққа қызмет көрсетудің сапасы мен сервисін арттыру бойынша, Жамбыл аудандық ауруханасында «Ақпараттанған қоғамдық мониторинг және тұрғындармен кері байланыс механизмі» енгізілді.
«Тұрғындармен кері байланысты нығайтуды» жүзеге асыру бойынша 2021 жылдың маусым айынан бастап, халықпен кері байланыс мақсатында «МИОМОС» (ақпараттанған қоғамдық мониторингі және тұрғындармен кері байланыс механизмі) отырысы ұйымдастырылып отырады. Тұрғындармен кері байланыс жасау үшін, ақпараттық, қоғамдық жүйеге бақылау жасау мақсатымен «Комитет» құрылған. Комитет отырысына тек медициналық қызметкері ғана емес, аудан белсенділері, қарапайым тұрғындар арасынан Комитет төрағасы мен мүшелері бекітілген. Медициналық мекемесіндегі мәселелерді ашу үшін, фокус-топтар қатыстырылған. Қазіргі уақытқа дейін тұрғындармен медициналық мекемеге, дәрі-дәрмектердің жеткізілуіне, техникалық мәселелер бойынша бірнеше сұрақтар көтеріліп, жауаптарын шешілуде. Бүгінгі уақытқа дейін 12 проблемалық мәселе көтеріліп, оның 6-уы, 50 пайызы өз шешімін тапты. Қалған мәселелерді шешу бойынша жұмыстар тоқталған жоқ. Осы жүйені енгізілгеннен соң, тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар динамикасы 21 пайызға төмендеген. Тұрғындардың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 97,4 пайызға артқан.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру