🔰ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

♦Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Рrimary health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Алматы декларациясының 44 жылдығына және МСАК бойынша Астана декларациясының 4 жылдығына арналған «алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» тақырыбында өткен Халықаралық Конгресске қатысушылар бүгін аудандық орталық емхананың мүмкіншілігімен танысып, ақ халатты абзал жандармен әңгімелесті. Сондай-ақ емхананың, үздік практикалық орталығының, «Ұшқын» жастар денсаулық орталығының, алғашқы медициналық көмек көрсету жұмысымен танысып, тәжрибелерімен бөлісті.

♦ Халықаралық конгресінің құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының өкілдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және денсаулық сақтау басқармаларының, МСАК ұйымдарының, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің, республикалық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.

♦Жамбыл облысы бастапқы буын саласында озық тәжірибе мен жаңа медициналық-әлеуметтік технологияларды енгізу және тарату бойынша елімізде көшбасшы болып табылады. Ұлттық МСАК-тың ерекшелігі мен жетістігі адамға, отбасына және қоғамдастыққа кешенді, интеграцияланған қызметтер көрсету жөніндегі көпсалалы қызмет түрі.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру