🔰«ҚЫШЫМА»-ЖҰҚПАЛЫ ТЕРІ АУРУЫ

ҚЫШЫМА адам мен жануарға ортақ паразитті зоонозды тері ауруы.
Көбінесе ауруға 14-жасқа дейінгі балалар шалдығады. Осы аурудың оқушылар арасында өршімеуініің алдын-алу мақсатында мектепте:
1. Оқушылар демалысқа шығып, келесі оқу тоқсанына келгенде тез арада мектеп ұжымы күшімен ұйымдастырылып, медициналық қызметкердің толық тексеруінен өту керек.
2. ҚЫШЫМА ауруы белгісімен күдікті оқушы анықталған жағдайда, тез арада сабақтан босатып тері аурулары дәрігеріне көрінуге жолдау.
3. Оқушылар арасында Қышыма ауруының расталған жағдайы тіркелгенде төмендегі іс-шаралар атқарылуы тиісті:
3.1. Науқас оқушыны бақылау құжатына тіркеу.
3.2.Қарым-қатынастағы оқушыларды 45-күндік медициналық бақылауға алу (алғашқы 10-күндікте күнделікті медициналық бөлмеде қарап-тексеру, ары-қарай қалған 35-күнде аптасына бір рет қарап тексеру).
3.3.Ағымдағы залалсыздандыру жұмысын ұйымдастыру.
Ауру тіркелген сыныпта залалсыздандыру ережесінің күшейтіп, жиі өткізу.
3.4.Оқушылар арасында аурудың алдын-алу шаралары бойынша әңгімелесу жұмысын жүргізу.
3,5. Науқас оқушыны қайтадан сабаққа тері аурулары дәрігерінің рұқсат анықтамасымен қабылдау.
3,6. Оқушылармен жеке бас тазалығының қатаң сақталынуын бақылау.
3.7.Спорт залында әр оқушыға жеке киім ілгіш шкафтері болуы керек, орнын ауыстырмауын және әр оқушының киім алмаспауын сақтау.
3.8. Спорт залында, дене шынықтыру сабағы барысында пайдаланатын жұмсақ және қатты құрал жабдықтардың әр сабақтан кейінгі үзілісте залалсыздандыру жұмысынан өткізу.
3.9. Қарым-қатынастағы оқушылар арасында ауру анықталған жағдайда жоғарыдағы іс-шаралар атқарылып, ары-қарай жалғасуын бақылау.
Дені сау бала-біздің жарқын болашағымыз.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру