ЖАЛПАҚТӨБЕДЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Жалпақтөбе ауылынан Абдуллаевтар отбасында үшемдер дүниеге келді. Отбасы тірегі – Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы – Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр. Алғашқылары 2015 жылы туылып, Айлану есімімен аталса, Амелия 2018 жылы дүние есігін ашқан. Үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшемге жүкті болған.
Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық бөлімінде үшем қыздар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм. Олар әдемі есімдермен – Айлин, Алия және Элиф аталды. Туылғаннан кейін шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды.
Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім жасалуда. Балалар анасымен бірге.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру