Жамбыл ауданы «Pfizer» eкпесін бірінші болып аяқтады

✅Әлемге жайлаған індетті алдын алу мақсатында халықаралық сарапшылар вакцина ектірудің тиімділігін хабарлауда.

✅Тараз қаласын қоршап жатқан Жамбыл ауданында 42 елді мекен бар. Бүгінде коронавирус індетін ауыздықтау мақсатында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға салынатын «Pfizer» вакцинасын 9357 дозасы егілген. Осылайша, Жамбыл ауданы облыстағы аудандар ішінде «Pfizer» екпесін қабылдауда 100,7 пайызға қол жеткізіп, өңірлер ішінде ең бірінші болып аяқтады.
Бұл туралы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруков:
– Бүгінде екпе алуға тұрғындардың қарасы көбейген. Ұлттың және отбасының саулығы үшін жергілікті мекенжайдағы екпе егу пунктеріне барып, вакцина қабылдауда белсенділік танытуда. Ал «Pfizer» eкпесі бойынша айтар болсақ, аудан бойынша тұрақты иммундық жүйе қалыптасуы үшін 9296 азамат екпе қабылдауы шарт болатын. Бүгінде біз бұл көрсеткішті асыра орындадық. Орта есеппен күніне 90 адам екпе қабылдады.
Сондай-ақ «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда.
Бірінші компонентті 39305 адам, екінші компонентті 37333 азамат қабылдаса, ревакцинадан 13586 адам өтті, – дейді Алтай Мұхтарұлы.

Бастысы – сақтық шараларын қатаң сақтау. Отбасымызда бізге қымбат жандар бар. Олардың өмірін тәуекелге тігуге болмайды.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру