ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ «АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА» БОЙЫНША АҚПАРАТ!

♦Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы әзірленді. Жоба үш міндетті қамтиды:
1)фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
2) заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін ұйымдастыру;
3) ауылдық денсаулық сақтау объектілерін медицина кадрларымен қамтамасыз ету.

♦Жамбыл АОА-ның құрамы және құрамы және құрал жабдық деңгейі.
Аурухана бойынша 35 мекеме бар:
– Аудандық аурухана-1
– Аудандық емхана-1
– БМСК орталығы-1
– Дәрігерлік амбулатория-14
– ФАП-3
– МП-15
Медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 2022 жылдың 9 айында, Жамбыл аудандық ауруханасы бойынша 92,13 % құрап отыр. Облыстық көрсеткіш 88,4% құрайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айымен ХТТ(РПН) порталында барлығы- 70001(2021 ж 9 ай – 70079 )тұрғын тіркелген, оның ішінде:
– ерлер- 35210
– әйелдер- 34791
– 5 жасқа дейінгі балалар- 8078
– жасөспірімдер саны- 3602
– ересектер- 42027
– туу жасындағы әйелдер саны- 14828

♦Кадр құрамы:
– Кадр бөлімі бойынша 2021 жылы 9 айында 95 дәрігер жұмыс жасаса, 2022 жылдың 9 айында 98 дәрігер қызмет атқаруда. Орта буын медицина қызметкерлері 2021-450, 2022- 467 қызметкер жұмыс жасауда. Кіші буын медицина қызметкерлері 2021-136 адам, 2022-139 адам . Басқа да қызметкерлер 2021-213, 2022-216. Жалпы алғанда 2021 жылдың 9 айында Жамбыл аудандық орталық ауруханасында 894 қызметкер жұмыс жасаған, 2022 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша 920 қызметкер жұмыс жасайды.

♦Тегін дәрі –дәрмекпен қамтамасыз етілу бойынша
– Жамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрімен қамтамасыз етіліуі 2022 жылдың 12 айлық көрсеткіші бойынша 508 млн 121861 мын тг дәрілік тауар бөлініп, 9 айға 378 млн 681045 мын тг дәрілік тауар игерілген, игерілмеген дәрі қаражаты 129млн 440816 мын тг, пайыздық көрсеткіші 74,5% . 2021 жылға тегін дәрі –дәрмекке 468млн 54266 мын тг дәрілік тауар бөлініп, ағымдағы жылдың 9 айына 304 млн 150931мын тг дәрілік тауар игерілген, игерілмеген дәрі қаражаты 163млн 903335 мын тг пайыздық көрсеткіші 64,9% .
♦Медико-демографиялық көрсеткіштер
Жалпы өлім жітім бойынша (1000адамға шаққандағы)2021 жылдың 9 айында. 324/ 4,1 , облыстық көрсеткіш-6,3 ; 2022 жылдың 9 айы 245/ 3,5 құрап отыр.Облыстық көрсеткіш- 4,2. Көрсеткіш төмендеген
Ауданда 2021 жылдың және 2022 жылдың есепті кезеңінде ана өлімі тіркелмеген.
2021 жылдың 9 айында 12 сәби өлімі тіркеліп, сәби өлім-жітім көрсеткіші 1 мың тірі туылған сәбиге 7,8 промильді ( облыстық көрсеткіш 8,2) құрады, ал 2022 жылдың 9 айында 7 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш 5,6 құраған (облыстық көрсеткіш 7,1).
Былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда сәби өлімі 5 балаға төмендеген.
Туу көрсеткіші(1 мың адамға шаққанда)2021ж. – 1535/21,5 ,2022ж. 1444/20,6, төмендеген
Табиғи өсім (1 мың адамға шаққанда)2021 ж. 17,4 , 2022 ж. 17,1, төмендеген
ЖҚА-нан өлім жітім(1 мың адамға шаққанда)2021ж. 57/ 81,3 (обл-139,1), 2022ж. 25/ 35,7(обл көрсеткіш- 77,6), төмендеген
ЖҚА-мен аурушандық (100 мың адамға шаққанда)2021ж. 516-713,2 , 2022ж. 492-601,2, төмендеген

♦Тұрғындарға көрсетілген медициналық көмектер туралы
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жылжымалы медициналық көмек тобы 24 рет елді мекендерге шығып, 10 015 азаматқа медициналық көмектер көрсеткен.
Жылжымалы медициналық көмектің мақсаты тұрғылықты халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, диагностикалық тексерулер арқылы аурудың бастапқы сатысында ерте анықтау.
Ақпарат үшін: Тастөбе 1, Еңбек 1, Бірлесу Еңбек 1, Шоқай 1, Қостөбе 1, Жамбыл 1, Жасөркен 1,Түрксіб 1, Қызылқайнар 1, Бесағаш 1, Айшабибі 1, Гродиково 2, Сұлутөр 1, Қаракемер 1, Ащыбұлақ 1, Рахат 1, Өрнек 1, Тоғызтарау 1, Жаңаөткел 1, Ерназар 1, Шайдана 1, Құитиын 1, Бектобе 1.
Тұрғындарға невропатолог, гинеколог, стоматолог, рентгенолог, флюорография, кардиолог, УЗИ мамандарытарапынан көмек көрсетілді.
Жалпы аудан бойынша жоспарға сәйкес қаралатын адамдар саны 11 830-ды құрасы, қаралғандары 10 015 тұрғын (84,6%).
Қаралған адамдардың ішінде қосымша диагностикалық тексерулерге 4 072 адам жіберіліп, ауруханалық емді қажет ететін 60 науқас анықталды. Амбулаторлық емді қажет ететін 500 науқасты тұрғылықты мекенжайындағы учаскелік жалпы тәжиірбелік дәрігердің қадағалауына жіберілді.
Әр жергілікті дәрігерлік амбулаториаларда диспансерлік есепте тұрған науқастардың тізімі, мақсатты топтағыларға скрининг, алдын-алу тексерілуден өтетін тұрғындардың тізімі жасалған.

♦Онкология
2022 жылдың 9 айында алғашқы рет онкологиялық аурулармен 70 жағдай тіркеліп, қатерлі ісіктермен аурушандық (100 мың адамға шаққанда) көрсеткіші –82,3 промиль, ал 2021 жылдың 9 айында 84 жағдай тіркеліп, көрсеткіш-92,5 промиль болды. Көрсеткіш төмендеген
2022 жылдың 9 айында Алғашқы рет анықталғандардың ішінен 1-2 сатысында (ерте) анықталған науқастар саны 38 науқас тіркеліп, үлесі-55% құрады, 2021 жылдың 9 айында 41 науқас,47,5 % болды. Көрсеткіш – өсім
4 сатысында (кеш) анықталған науқастар саны 2022 жылдың 9 айында 3 науқас тіркеліп, үлесі 4,3% құрады, 2021 жылдың 9 айында 6 науқас, үлесі- 7,5 % құрады. Көрсеткіш төмендеген. (4 сатыда онкологиялық аурулар анықталған мекемелер Пригородное, Ақбұлым, Жалпақтөбе)
♦Туберкулез
2022 жылдың 9 айында туберкулезбен алғашқы рет тіркелген науқас саны-18, туберкулезбен аурушандық көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда)-21,5 болды.
2021 жылдың 9 айында туберкулезбен алғашқы рет тіркелген науқас саны-12, көрсеткіш-14,3 . (Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 6 адамға өскені байқалады.)
2021 жылдың 9айында туберкулез салдарынан өлім-жітім көрсеткіші 2-2,4, 2022жылдың 9 айында туберкулезден болатын өлім –жітім жағдайы тіркелген жоқ.
2022 жылдың 9 айындағы флюра жоспар- 32255. Орындалу-32336,100%. Флюра жоспардың аудан көрсеткішінен төмен Ерназар дәрігерлік амбулаториясы 87 % орындалған.

♦Скринингтік тексерулер туралы
ҚР Денсаулық сақтау министірлігі ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізуіді басталды. Қазіргі таңда нысаналы топтың барлығы 17 992 адамды құраса, оның 13 898 – 77%-ы орындалып, барлығы 166 адамнан түрлі аурулар анықталды. Оның іішінде Жастар» 18 жастан 29 жасқа дейінгі нысаналы топтың жоспары 6 812, орындалғаны 6 350 – 93%, анықталғаны – 59 адам.
«Еңбек-1» 30 жастан 44 жасқа дейінгі нысаналы топтың жоспары 8 040, орындалғаны 4 408 – 54%, анықталғаны – 47 адам.
«Еңбек-2» 45 жастан 65 жасқа дейінгі нысаналы топтың жоспары 2 804, орындалғаны 2 804 – 100%, анықталғаны 55 адам.
«Зейнеткер» 66 жастан 70 жасқа дейінгі нысаналы топтың жоспары 336, орындалғаны 336-100%, анықталғаны 5 адам.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына сапалы профилактилық тексерулер мен анықталған ауруларды уақытылы емдеу жұмыстары жүргізілуде.
♦Медициналық ғимарат құрылысы және ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары туралы.
2022 жылы – Қаракемер дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының құрылысы аяқталып, пайланылуға берілді.
2023 жылы Жаңаөткел ауылында жаңа медициналық пункті ғимаратының құрылысы жоспарлануда.
2024 жылы 6 медициналық ғимарат құрылысы жоспарлануда (Қаратау, Тоғызтарау, Қостөбе).
2025 жылы 3 медициналық ғимарат құрылысы жоспарлануда (Құмтиын, Бәйтерек, Қапал).
2023 жылы Өрнек дәрігерлік амбулаториясы мен Тастөбе фельдшерлік-акушерлік пункті ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2024 жылы Гродеково және Пригородное дәрігерлік амбулаториясы ескі ғимараттарын күрделі жөндеу жоспарлануда.
Алдағы уақытта да аталған жұмыстар өз жалғасын тауып , алға қойылған мақсаттар мен міндеттер кезең кезеңімен жүзеге асырылатын болды.

Біз әлеуметтік желілерде:

    Қоңырауға тапсырыс беру